Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қоршауға қысылып қалған баланы полицейлер құтқарды

Түркістан облысының полицейлері темір қоршауға қысылып қалған төрт жасар баланы құтқарып алды, деп хабарлайды Polisia.kz.


Сайрам АПБ-нің патрульдік полиция қызметкерлері Сайрам ауданы Манкент ауылының көше бойын кезекті патрульдеу кезінде, түскі уақытта күтпеген жайтқа кез болады. Тасжол бойында орналасқан жабық тұрған құрылыс заттарын сату дүкенінің қоршауында қыстырылып тұрған төрт жасар баланы байқап қалады. Адам өміріне қатысты жағдайды оң шешу мақсатында ЖПҚБ ППТ қызметтік инспекторлары Нұрболат Тілеубергенов, Эркин Альметов және Ғалым Дәукеновтер дереу кері бұрылады. Темір тор қоршаудан өтемін деп, басы сыймай қыстырылып қалған әлгі баланы тез арада босатып алады.

 

 

Балақайдың анасы дүкенге барып келемін деп, үйінен шығып кеткен. Оның ізін суытпай баласы артынан жүгіріп шыққан. Осы сәтте құрылыс заттарын сататын дүкеннен ары өтпек болып, басы сыймай тұрып қалған. Сол мезетте осы маңнан өтіп бара жатқан полицейлер оны тез арада шығарып, үйіне алып барған. Оның ата-анасына алдағы уақытта балаға сақ болу керектігі есткертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарды баларына сақ болуға және денсаулығының жай-күйін бақылауда ұстап жүруге кеңес береді. Әрбір тұрғынның амандығы мен қауіпсіздігі полицейлердің баса назарында екенін ұмытпағайсыздар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты