Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қысқы кезең жақындаған сайын Шығыс Қазақстанда жылыту пункттері дайындалуда

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ШҚО ТЖД құтқарушылары сыйымдылығы 385 адам болатын, медициналық жабдықтармен, су және жанар-жағармай материалдарын сақтайтын ыдыстармен жабдықталған 19 жылыту пунктін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, облыста қысқы кезеңде көмек көрсету және азаматтарды жылыту үшін 33 жол бойындағы кафе және арнайы реанимобильдер мен медициналық жабдықтары бар 4 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Адамдарды қар құрсауынан құтқару үшін ТЖД 406 бірлік техника, оның ішінде 153 жол талғамайтын техника дайындады. Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою үшін қазіргі сәтте жолдардың қауіпті учаскелеріндегі күштерді орналастыру бойынша есептер орындалады, төтенше жағдайларды жою және қысқы кезеңде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ведомстволар, ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл бойынша іс-қимыл жоспарлары түзетіледі.

Дағдарыс орталықтары ақпаратты қабылдауға, өңдеуге және тиісті шешімдер қабылдауға, жылу, су және энергия көздерінің тұрақты жұмысына мониторинг жүргізуге дайындайды.

Дауылды ескерту жағдайында "Дәрмен" мобильді қосымшасы жұмыс істейді, онда жолдардың жабылуы мен ашылуы, ауа райы жағдайлары, ауа температурасының төмендеуі туралы ақпарат көрсетіледі.

Өткен қыста құтқарушылар 452 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады. Қар құрсауынан 119 бірлік техниканы шығаруға көмек көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді