Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ойыншық қонжықтағы есірткі: полиция 18 жастағы синтетика таратушыларды ұстады

Ақмола облысында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен екі қыз ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

“Рефлекс” жедел алдын алу іс-шарасы кезінде синтетикалық есірткілерді жасырумен айналысатын колледж студенттері ұсталды. Олар бұл істі қосымша жұмыс іздеп жүріп, интернеттегі хабарландыру арқылы тапқан. Хабарландыруда асханадағы жұмыс көрсетілген. Онда табыс күніне 30 мыңға дейін жететіндігі айтылған. Алайда хат алмасу барысында қыздар бұл істің есірткімен байналысты екенін түсінеді. Соған қарамастан, ұсыныстан бас тартпаған.

– Республикалық “Рефлекс” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Көкшетау қаласының аумағында “Оқжетпес” стадионының жанында синтетикалық есірткі заттарын жасыратын екі студент ұсталды. Олардан 95 есірткі түйіні тәркіленді, – деді Ақмола облысы ЕҚҚІБ бастығы Мейрам Жапбасов.

Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Қасым атап өткендей, жоғары сынып оқушылары мен студенттер мұндай хабарландыруларға жиі жауап береді және олардың арасында бұл істі тастамай, артынан темір торға түсетіндер де бар.

Жедел қызметкерлердің айтуынша, қыздар бірге жұмыс істеген. Бірі есірткіні жасырса, екіншісі оның қайда жасырылғанын түсіріп, тапсырыс берушімен хат алмасып отырған. Тінту кезінде 18 жастағы студенттен белгілі бір иісі бар, ақ және көк түсті 34 түйір есірткі тәркіленді. Ал ойыншық қонжықтан 60 түйір есірткі анықталды.

– Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен қайта сараланатын болады. Осы бап бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп атап өтті Мейрам Жапбасов.

Жыл басынан бері Ақмола облысында 12 есірткі жасырушы ұсталды, олардың үшеуі – кәмелетке толмағандар. Заңсыз айналымнан жарты келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді