Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбылда есірткі дайындаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жамбылда есірткі дайындаумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазанда республикалық “Қарасора-2021” жедел алдын алу іс-шарасы, сондай-ақ “Рефлекс-2021” өңірлік операциясын өткізу барысында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлескен арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысының аумағында “марихуана” есірткі құралын дайындаумен және оны республикамыздың басқа өңірлеріне өткізумен айналысатын адамдар тобына қатысты жедел ақпарат жүзеге асырылды.

Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша 39 және 51 жас аралығындағы барлығы 5 күдікті анықталды. Аталған ер адамдардың төртеуі – Байзақ ауданының тұрғындары, біреуі Тараз қаласынан.

– Олардың тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ күдіктілердің бірінің өндірістік базасына тінту жасап, бір мезгілде жүргізілген ұстау операциясы барысында жалпы салмағы 1 келіден астам гашиш, 30 келіден асатын марихуана есірткі заттары, өсірілген каннабис өсімдігінің бұталары, илеуіш құралы және гашиш өндіруге арналған басқа да құрылғылар, сондай-ақ тіркелмеген 2 тегіс ұңғылы мылтық, 25 аңшылық және 16 травматикалық патрондар тәркіленді.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы өз кінәларын мойындап, Тараз қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған қылмыстық іс бойынша Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ және ТБ тәжірибелі қызметкерлерінен тергеу-жедел тобы құрылды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты