Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Жетісу өңірінде өмір сүрген әр азамат бақытты" - депутат Мейрамбек Төлепберген

Тәуелсіздік жылдары Алматы облысы ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Қазіргі таңда Қазақстандағы үздік өңірлер арасында Жетісу өлкесінің орны ерекше. Алматы облысының 30 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы kazlenta.kz тілшісіне Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген айтып берді.

- Мейрамбек Мылтықбайұлы, Алматы облысы Тәуелсіздік жылдары қандай болды?

- Жетісу - құтты өлке, кең байтақ қазақ даласында барлық уақытта да бұл өлке өзінің тарихи мәніне ие болған. Қазіргі тәуелсіздік жылдарының ішінде Жетісу өлкесі тіптен құлпырды деп ойлаймын. Бұл күндері облыс орталығы Талдықорған қаласының осы тәуелсіздік жылдарындағы құрылғаны, еңсесін түзеп қандай жайнап кеткені, сәулеті бәрі айналып келген кезде осы Жетісу өлкесінің бір жарқын тұстарын көрсетеді. Негізі Жетісу өлкесінің бай тарихы, тәуелсіздік жылдарында осындай өрнекті іргелестерімен жалғасын тауып жатыр. Еліміздегі ең ірі, бай, құт дарыған, тұрғандарыда  көп облыстың бірегейі болып саналады. Сондықтанда, Алматы обылсы керемет табиғаты бар, оның үстіне керемет адамдары бар керемет өлке. Таланттарға бай өлке, өнерлі өлке. Бұл тұрғыда табиғатының ерекшеліктеріде барлық уақытта Жетісу өлкесін ерекше етіп көрсетеді. "Жетісу - жер жәннаты" деген сөз басқа еш жерде айтылмайды. Сондықтанда тарихи кезеңде ата-бабаларымыздың ерлігімен, жау-жүрек батырлығымен осы кең байтақ даланы сақтап қалғанына бір тағзым ететін болатын болсақ, бүгінгі еңбегінде ерекше санаймыз. Әрине таланттардың елі, алыптардың  елі деп айтуға болады, ақындардың елі деп те айтуға болады. Бұл күндері мемлекеттік біздің қоғамда жарқын тұлғалардың көп-көп саңлақтары осы Жетісу өңірінен шыққанының өзі жердің киелі яғни қасиетті екендігін көрсетеді. Ең ақыры қазіргі Жетісу - Алматы облысының орталығы бірден жайнап тұр-ғой енді. Барлық жағынанда Жетісудің жүрегі отырған Алматы қаласыда осы Жетісу өлкесінің тынысымен тыныстайды, олардың жұтатын ауасы бір. Алматы облысы мен Алматы қаласында өмір сүрген әр азамат бақытты деп ойлаймыз. Сондықтан да Жетісу өлкесінің осы Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігі Қазақстанның қол жеткен жетістігіне сай келеді және ерекше облыс ретінде бәрімізде жақсы көреміз.

- Қазіргі жетістіктерін айтып өтесіз бе?

- Бұл облыс - ауыл шаруашылығына келетін болсақ, қызылша өндірісінен ең алдында келе жатқан аймақ. Ол бір деңіз, екінші жерден мал санын көбейту жөнінде бұл облыс ең үлкен облыстың бірі. Осының өзі даму екпіні, жаңалықтары көп. Инвестиция тартудан Алматы облысыда ең алдыңғы орындардың бірінде келе жатыр. Соңғы жылдары салынған ондаған зауыттар мен фабрикалар осының айқын дәлелі. Оның үстіне мынау адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне баспана салудан ол талдықорғандықтардың яғни жетісулықтардың үлгісінде жұртшылықтың бәрі біледі-ғой, қәзір қалаға кіре берістің өзінен сол жағыңыздан көрген керемет шағын аудандардың өзі осының бәрін көрсетеді. Ер көзбен көріп, қолымен ұстаған табысына ғана қанағаттанады. Бұл жағынан Алматы облысы көптеген тірлік жасалып жатыр. Облыста 17 аудан мен 3 қала бар, соның ішінде ең ерекше деп отырған аудандары әрине Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Жамбыл аудандары негізі донорлы аудандар болып саналады. Сондықтанда бұл жағынан, барлық жағынанда ол Алматы облысының айы оңынан туып тұр.

Атап өтсек, биыл Талдықорған қаласының облыс орталығына ресми көшірілгеніне 20 жыл толды. Аз уақыт аралығында Жетісудың кіндік қаласы адам танымастай күйге енді. Кешегі келбеті мен бүгінгісін залда отырған әрбірі жақсы біледі.  Жетісудың жүрегіне баланатын Талдықорған жыл санап түрленіп, түлеп келеді.  Соңғы 20 жылдағы жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Сандарды сөйлетсек, 2001 жылы Талдықорғандықтар саны 100 мыңның айналасында болса, қазір 2 есе өсті. Аумағы 4 есеге өсті. 20 жыл ішінде жалпы өнеркәсіп өнімінің көлемі 17 млрд.-тан 94 млрд. теңгеге жетті. Жеке индустриялық аймақтың іргесі қаланды. Шағын және орта бизнес өркендеді. Келбеті келісті, сәулетті сұлу нысандар дамылсыз салынды. Биылғы соңғы 9 айда жеткен жетістігі былтырғысын он орап алады. Онысын өзінің туған күнінде жалпақ жұртқа жариялап, бір марқайтып салатыны бар.

Талдықорған бақ қала, Жетісулықтарға басты орда. Қаратал өзенін жағалай қоныстанған бұл мекенді қазір құт мекенге санайды жұрты. Тоқсан ұлт келсе де,тосырқамай бауырына баса кететін шырайлы шаһар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді