Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда биыл 10 спорт нысаны салынады

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халыққа есеп беру кездесуі барысында Медеу ауданының тұрғыны спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесін қозғады, деп хабарлайды kazlenta.kz.


«Біз қазір кешенді бағдармалар жасадық, яғни бұл – спорт кешендерін салу. Биылдың өзінде бюджеттің есебінен алты спорт кешені салынады. Бұдан бөлек жеке кәсіпкерлер де кешендер соғып жатыр. Екінші, ашық алаңдар жасалынуда. Біз осы ашық алаңда балаларды спортпен шұғылдандыру үшін тәжірибелі жаттықтырушыларды шақырып жатырмыз», – деді Бақытжан Сағынтаев.


Жалпы биыл 10 спорт нысанының құрылысы жоспарлануда, оның 6 - уы жергілікті бюджет есебінен. Бұл 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, оның ішінде қала шетінде Жетісу ауданының «Айнабұлақ-2» шағын ауданында, Медеу ауданының «Алатау» шағын ауданында, Түрксіб ауданындағы «Жас Қанат», Жетісу ауданындағы «Кемел» және «Құлагер» шағын аудандарында. Сондай-ақ, Алатау ауданында жабық және ашық корттары бар теннис орталығының құрылысы жоспарланған. Құрылыс жұмыстары басталды, аяқталу мерзімі-2021 жыл.


Сонымен қатар, биыл орта мектептердің 52 стадионын жаңарту жоспарланған.


Балаларды тегін спорт секцияларымен қамтуды арттыру үшін мектеп спорты Федерациясымен бірлесіп қала мектептерінде спорт клубтарын ашу жұмыстары жүргізілуде. «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплині кешенінің 2-ші кезегінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, «Жаңа Алматы» бағдарламасына сәйкес спорт секцияларын кеңейту жұмыстары жүргізілуде, оның басымдықтары Наурызбай, Алатау, Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындары үшін спорттың қолжетімділігі болып табылады.


Атап өтетіні, ағымдағы жылы қала балаларын спортпен, мәдениетпен және мектептен тыс қосымша білім берумен жаппай қамту үшін 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді, ол Алматы қаласының білім, спорт, мәдениет, қоғамдық даму, қоғамдық денсаулық сақтау Басқармаларының бірлескен шаралар қабылдауын көздейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты