Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан: «Turan» АЭА аумағында 7 млрд теңгелік жаңа өндіріс орнының капсуласы қаланды

Түркістан: «Turan» АЭА аумағында 7 млрд теңгелік жаңа өндіріс орнының капсуласы қаланды
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 7 млрд теңгені құрайтын жаңа өндіріс орнының капсуласы қаланды. Жоба аясында «BEREKE PLASTIC» зауытының құрылысы жүргізіліп, 7 заманауи өндірістік кешен бой көтермек. Алғашқысы келер жылдың ақпан айында іске қосылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы индустрияландыру мен инвестиция тарту бағытында қарқынды дамып келеді. Жаңа өндіріс орындарының іске қосылуы – өңірдің экономикалық дербестігін арттырып, халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Сауран ауданының Оранғай ауылында орналасқан зауыттың іргетасын қалау рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жобаның өңірдің индустриялық әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті.

– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында облысымызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңірде зауыттар мен фабрикалардың құрылысы қарқын алып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Себебі әр жаңа жоба – жаңа мүмкіндік, жаңа табыс көзі. Қандай кәсіпорын ашылса да, біз оған дайын болуымыз керек. Елімізде жұмысшы мамандықтарын дамыту мен олардың мәртебесін көтеруге ерекше назар аударылып отыр. Шын мәнінде, жұмысшы мамандығы – ел экономикасының қозғаушы күші. Ол жұмыссыздықты азайтып қана қоймай, өндірістің дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына тікелей әсер етеді. Бүгін іргетасы қаланған зауыт іске қосылған соң, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді. Жобаның сәтті жүзеге асуы отандық өнім көлемін арттыруға, импортты алмастыруға және білікті жұмысшы кадрлардың беделін нығайтуға ықпал етеді. Жаңа өндіріс ел игілігіне қызмет етсін, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Өңір басшысы сондай-ақ биыл 8 мыңнан астам түлек ірі инвестициялық жобаларға тартылатынын атап өтті. Қазір облыс бойынша жүзеге асырылатын жобаларға 2 290 жұмысшы маман қажет. Бұдан бөлек, агроөнеркәсіп, энергетика, техника және құрылыс салалары бойынша 11 мамандық бойынша кадр тапшылығы анықталған. Осы бағыттарда колледждерге жаңа лицензиялар беріліп, өңірге қажетті жұмысшы кадрларды даярлау жұмыстары басталып жатыр.«BEREKE PLASTIC» зауытының іске қосылуы өңірдің ғана емес, тұтас елдің экологиялық және экономикалық даму стратегиясымен үндеседі. Бір реттік ыдыс-аяқ шығару жобасы – Қазақстанда сирек кездесетін бағыттардың бірі. Бұл өндіріс отандық нарықтың сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті арттыруға да мүмкіндік береді.

Жаңа зауытта жылына 600–700 тонна пластик және қағаздан жасалған бір реттік ыдыс-аяқ пен тұрмыстық бұйымдардың 18 түрі өндіріледі. Кәсіпорынның іске қосылуы нәтижесінде 65 жаңа жұмыс орны ашылады.«TURAN» арнайы экономикалық аймағының аумағында (жалпы көлемі – 365 гектар) бүгінде 72 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, төрт жоба бойынша 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Аймақтың инфрақұрылымы толық дайын: инженерлік желілер тартылып, өндіріс нысандарын салуға барлық жағдай жасалған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті