Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық спортшы пара атудан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Елордалық спортшы пара атудан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында Changwon 2026 WSPS World Championships пара атудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы Ардақ Оторбаев Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайты.

R1 – 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен ату бағдарламасы бойынша командалық жарыста Қазақстан құрамасы 1854,4 ұпай жинап, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын – Корея, 1867,1 ұпай;
2-орын – Үндістан, 1856,3 ұпай;
3-орын – Қазақстан, 1854,4 ұпай.

Әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Астананың атынан Севда Әлиева, Әйгерім Төлегенова, Никита Ермаков, Айсұлу Мұқашбекова, Александр Пасхалиди және Ардақ Оторбаев өнер көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, пара атудан әлем чемпионаты 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Беделді жарысқа әлемнің 53 елінен 350-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді