Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы LRT тұрғындар үшін 2026 жылы қолжетімді болады

Астанадағы LRT тұрғындар үшін 2026 жылы қолжетімді болады
Фото: Tengrinews.kz / Маржан Қуандыққызы

Астанада LRT қашан іске қосылатыны және жолақысы қанша болатыны туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықпен кездесу барысында Қасымбектен әкімдік LRT-ның сынақтық іске қосу мерзімін кейінге шегерді ме деп сұрады.

"Ештеңе өзгерген жоқ, қыркүйекте сынақ режимінде алғашқы құрамдарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сынақ қорытындысы бойынша оның толыққанды пайдалануға қашан берілетіні белгілі болады. Әдетте сынақ режимі үш айдан алты айға дейін созылады", – деді елорда әкімі.

Тілшілер Астана әкіміне бұл LRT 2026 жылдың басында іске қосылады дегенді білдіре ме деп нақтылады.

"Біз әрқашан осы мерзімдерді айтып келдік", – деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, жолақы шамамен 200 теңге болуы мүмкін. Бірақ түпкілікті тариф кейінірек жарияланады.

"Жобаға бір реттік жолақы құны 200 теңгеге дейін деп енгізілген. Дәлме-дәл бағасы да осы жылдың соңына дейін анықталады", – деді Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті