Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда үйлену тойы кортежіндегі қауіпті әрекеттерге жол берілмеді

Оралда үйлену тойы кортежіндегі қауіпті әрекеттерге жол берілмеді
Фото: polisia.kz

Оралда үйлену тойы кортежіндегі қауіпті әрекеттерге жол берілмеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Орал қаласында үйлену тойына арналған автокортеж қозғалысы кезінде жастардың көлік терезесінен бастары мен денелерін шығарып тұрғаны бейнеленген видео полицияның назарына ілікті. Жазбада "Гулянка осылай бола ма, қалай?" деген жазу болған. Бейнежазбаны зерделеу барысында автокортеждің Орал қаласындағы көпір үстімен қозғалғаны, сол сәтте жолда өзге де көліктер болғаны байқалды. Жастардың көлік терезесінен денелерін шығарып, өздерінің де, басқа жол қозғалысына қатысушылардың да қауіпсіздігіне қатер төндіргені көрінеді. Сондай-ақ Пугачев көшесінен Махамбет - Исатай көшесіне бұрылатын қиылыста кортеждегі жастардың көлік терезесінен денелерін шығарып, қолдарымен түрлі қимылдар жасағаны, ал жүргізушінің қауіпті маневрлерге барғаны бейнежазбада тіркелген. 

Аталған әрекеттер қала тұрғындарының сынына ұшырады. Полиция қызметкерлері оқиғаға жедел ден қойып, бейнежазбада көрсетілген Toyota Land Cruiser Prado және Subaru Legacy автокөліктерінің жүргізушілерін, сондай-ақ көлік терезесінен денелерін шығарып, қауіпті әрекеттер жасаған азаматтарды анықтады. Олар — облыс тұрғындары, 19-22 жас аралығындағы жігіттер. Оларға қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жүргізушілер мен жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндірген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мерекелік көңіл күй жол қозғалысы ережелерін елемеуге себеп болмауы тиіс. Қозғалыстағы көліктің терезесінен басын немесе денесін шығару, сондай-ақ қауіпті маневрлер жасау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды