Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда көліктен денесін шығарғандар жауапқа тартылды

Павлодарда көліктен денесін шығарғандар жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желілерде назар аударып, "хайп жинау" мақсатында жол қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттер жасау үрдісі байқалады. Кей жүргізушілер мен жолаушылар қозғалыстағы көліктің терезесі мен люгінен дене мүшелерін шығарып, қауіпті маневрлерге барады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, Павлодар қаласындағы "Нұрлы жол" көпірінде бірнеше жүргізуші қауіпті "трюктер" жасап, жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған. Олар көліктердің терезелері мен люктерінен денелерін шығарып, қауіпті маневрлер жасаған. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың барлығын анықтап, оларға қатысты заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік шаралар қабылдады. Қауіпті әрекеттерге қатысқан жолаушылар да жауапкершілікке тартылды. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды.

– Жүргізушілер мен жолаушылар жолдың қауіпті ойын-сауық үшін орын емес екенін түсінуі қажет. Мұндай жауапсыз әрекеттер құқық бұзушылардың өздеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов. 

Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – әрбір қатысушының міндеті. Қозғалыстағы көліктің терезесі немесе люгінен дене мүшелерін шығару – батылдықтың белгісі емес. Бір сәттік "хайп" орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Әлеуметтік желідегі бірнеше секундтық видео адам өмірінен қымбат емес.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді