Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да есірткі заттарын сатумен айналысқан интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды

БҚО-да есірткі заттарын сатумен айналысқан интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды
Фото: polisia.kz

БҚО-да есірткі заттарын сатумен айналысқан интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қарасора-2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, өңір аумағында есірткі заттарын сату және сақтау ісіне қатысы бар интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орал қаласының 39 жастағы тұрғыны, интернет-дүкеннің иесі ұсталды.

Тұрғылықты мекенжайы бойынша санкцияланған тінту жүргізу кезінде өсімдік тектес зат салынған бес орама, қарасора тұқымдасына жататын өсімдік тұқымдары, iPhone 13 телефоны тәркіленді. Сонымен қатар саяжай аумағын тінту барысында шаруашылық сарайда фитозертхана ретінде жабдықталған бөлме анықталды. Онда қарасора тұқымдасына жататын бес түп өсімдік, сондай-ақ өсімдіктерді өсіруге арналған жабдықтар мен заттар: желдеткіш, жарықтандыру шамдары, екі ауа сорғыш құрылғы, температура датчиктері және тыңайтқыштар табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл әрекет үшін кінәлінің мүлкі тәркілене отырып, бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды