Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда есірткі таратумен айналысқан интернет-дүкен жойылды

Оралда есірткі таратумен айналысқан интернет-дүкен жойылды
Фото: primeminister.kz

Орал қаласында есірткі таратумен айналысқан интернет-дүкен жойылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Орал қаласы аумағында есірткі заттарын сатумен айналысқан интернет-дүкенді анықтап, оның қызметін тоқтатты. Заңсыз істің ұйымдастырушысы – 25 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде ерекше иісі бар, қою қоңыр түсті өсімдік тектес зат салынған 12 түйіншек, электронды таразы, жазбалары бар дәптер, оқшаулағыш лента, zip-пакеттер және ноутбук тәркіленді. Сондай-ақ есірткі жасырумен айналысқан 24 жастағы жігіт ұсталды. Жеке тексеру кезінде одан бір түйіншек табылып, тәркіленді.

Ұялы телефонын қарау барысында есірткі жасырған 40 орынның координаттары анықталды, сол жерлерден ерекше иісі бар, қою қоңыр түсті өсімдік тектес зат салынған 17 түйіншек тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция оңай табыс табу уәдесіне алданып қалмауға шақырады. Мұндай әрекеттер үшін заң бойынша қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады