Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада полицейлер есірткінің ірі партиясын қала аумағына алып кіру әрекетінің жолын кесті

Елордада полицейлер есірткінің ірі партиясын қала аумағына алып кіру әрекетінің жолын кесті
Фото: polisia.kz

Елордада полицейлер есірткінің ірі партиясын қала аумағына алып кіру әрекетінің жолын кесті,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанаға кіреберісте елордалық полицейлер есірткінің ірі партиясын қала аумағына алып кіру әрекетінің жолын кесті. Бекеттердің бірінде 44 жастағы ер адамның басқаруындағы Toyota автокөлігі тоқтатылды. Ол есірткі заттарын одан әрі өткізу мақсатында сақтады және тасымалдады деген күдікке ілінді. Автокөлікті тінту барысында салоннан өзіне тән иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған алты брикет табылып, тәркіленді. Кейін ұсталған азамат қала аумағында бұрын қалдырып кеткен есірткі жасырындылардың орындарын көрсетті. Анықталған барлық заттар тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон болып шықты. Оның жалпы салмағы 3 келіден асты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында ер адамның есірткіні тасымалдаушы рөлін атқарғаны және оны әрі қарай тарату үшін жеткізуді жоспарлағаны анықталды. Қазіргі уақытта құқыққа қайшы әрекетке қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталуда. Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымы қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда. Елордалық полицейлер есірткіні жеткізу және тарату арналарының жолын кесу бағытында тиісті шараларды жалғастыруда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды