Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында синтетикалық есірткінің ірі партиясымен шетелдік азамат ұсталды

Ақмола облысында синтетикалық есірткінің ірі партиясымен шетелдік азамат ұсталды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында синтетикалық есірткінің ірі партиясымен шетелдік азамат ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтың жолын кесті. Полиция мәліметінше, шет мемлекет азаматы ұсталған. Тінту барысында мефедрон болуы мүмкін 120 түйіншек табылып, тәркіленді.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 240 грамнан асқан. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті аса ірі көлемдегі тыйым салынған заттарды Көкшетау қаласына жеткізіп, кейін оларды өзге елді мекендерге тасымалдауы тиіс болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті тергеу кезеңіне уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстардың күшейтілген режимде жалғасып жатқанын атап өтті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді