Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы студенттері Республика күніне орай «Менің Қазақстаным!» республикалық акциясын бастады

Алматы студенттері Республика күніне орай «Менің Қазақстаным!» республикалық акциясын бастады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

25 қазан – Республика күні қарсаңында Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (QyzPU) студенттері «Менің Қазақстаным!» акциясын бастады. Қатысушылар бірігіп «Атамекен» әнін орындап, эстафетаны Қазақстанның өзге жоғары оқу орындарына жолдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара «Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» атты зияткерлік-ағартушылық апталық аясында өтті. Бастаманың мақсаты – еліміздің әр өңіріндегі жастарды Республика күнін мерекелеуге тарту.

«Бұл еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, ұлттық рухын дәріптейтін ерекше мереке. Тәуелсіз Қазақстан өркендеп, болашағы жарқын болсын!» – деді университет студенттері.

Эстафетаны жалғастыру ALT University мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттеріне ұсынылды. Олар акцияға қосылып, бастаманы өзге жоғары оқу орындарына жолдай алады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл бастама еліміздің әр қаласындағы студенттердің бір арнаға тоғысып, Республика күнін бірге атап өтуіне жол ашады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды