Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин Ленинград облысының губернаторымен өнеркәсіп және АӨК салаларындағы жаңа жобаларды талқылады

Серік Жұманғарин Ленинград облысының губернаторымен өнеркәсіп және АӨК салаларындағы жаңа жобаларды талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденкомен кездесті. Жиында тараптар өзара сауданы дамыту, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптегі ынтымақтастық, сондай-ақ көлік логистикасы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы 8 айда Қазақстанның Ленинград облысымен тауар айналымы 2,5%-ға өсіп, $257,9 млн болған.

Тараптар агроөнеркәсіп кешенінін келешегі зор бағыттардың бірі ретінде атап көрсетті. Қазақстан сүт бағытындағы мал шаруашылығы, селекция, азық-түлік өндірісі және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде бірлескен жобаларды дамытуға мүдделі. Ленинград облысының осы бағыттардағы тәжірибесі кооперацияны кеңейту және шикізатты қайта өңдеу көлемін арттыру үшін негіз бола алады.

Өнеркәсіп кооперациясына және өндірістерді локализациялауға ерекше назар аударылды. Машина жасау, химия өнеркәсібінде, жабдық пен құрылыс материалын өндіруде бірлескен жобалардың әлеуеті зор. Сондай-ақ Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндіру үшін шикізат жеткізу және заманауи органикалық тыңайтқыштар шығару жобасы талқыланды.

Көлік логистикасы маңызды тақырыптардың біріне айналды. Александр Дрозденко аймақтың Ленинград облысының порттары арқылы қазақстандық жүктерді тасымалдауға арналған ұзақмерзімді келісімшарттарға мүдделі екенін атап өтті. Тараптар сондай-ақ теміржол транзиті мәселелерін және жүк тасымалының тұрақтылығын арттыру қажеттігін талқылады.

Бұдан басқа, атом саласындағы ынтымақтастық перспективалары, оның ішінде салалық мамандар даярлау мәселесі қарастырылды.

Серік Жұманғарин келісімдерден нақты жобаларға көшудің маңыздылығын атап өтіп, екі өңірдің кәсіпорындары арасындағы тікелей байланыстарды жандандыруды ұсынды.

«Біздің міндетіміз – өзара сауданы кеңейту, бірлескен өндірістерді дамыту және екі тарапқа да нақты пайда әкелетін бастамаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрдің орынбасары. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды