Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Моңғолия жермен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша әлемде көшбасшы орынға ие

Қазақстан мен Моңғолия жермен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша әлемде көшбасшы орынға ие
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанада өткізілген Қазақстан-Моңғолия бизнес форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Моңғолия – Қазақстан үшін маңызды әрі сенімді серіктес. Екі елді тарихи жақындық, өзара сыйластық пен экономикалық байланыстарды арттыруға деген ортақ ұмтылыс біріктіреді. Бизнес-форум тұрақты іскерлік байланыс қалыптастырудың практикалық алаңына айналатыны атап өтілді.

Мемлекет басшыларының өзара тауар айналымын $500 млн-ға арттыру міндетін ескере отырып, вице-премьер ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы қол қойылған уақытша сауда келісімінің маңыздылығын баса айтты.

«Біз бұл құжатты сауданы арттыруға, кооперацияны дамытуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндік беретін нақты құрал ретінде қарастырамыз»,  — деп атап өтті ол.

Қазақстан мен Моңғолия жан басына шаққанда жермен қамтамасыз ету деңгейі бойынша әлемде көшбасшы орынға ие. Бұл ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеует туғызады. Мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, ветеринария, техника жеткізу мен заманауи агротехнологияны енгізу басым бағыттар қатарына жатады.

Моңғолия Премьер-министрінің бірінші орынбасары – экономика және даму министрі Жадамбын Энхбаяр ЕАЭО-мен келісім шеңберінде моңғол экспортының 367 тауар түріне тарифтік жеңілдік берілетінін хабарлады. Бұл ретте олардың 97,5%-ы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өніміне тиесілі. Бұл – Моңғолияның негізгі бәсекелестік артықшылығы.

Келісім соңғы жылдары тұрақты оң динамиканы көрсеткен екіжақты тауар айналымы артуының қосымша факторына айналатыны, бизнес-қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Цифрландыру мен инновация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Қазақстан «Astana Hub» халықаралық технопаркі мен «Alem.Aі» ұлттық жасанды интеллект орталығы секілді заманауи технологиялық экожүйені қалыптастыруда.

Вице-премьер моңғол IT-компанияларын Big Data, блокчейн, «бұлтты» технологиялар мен R&D-орталықтарының әзірлемелерін коммерцияландыру саласындағы бірлескен зерттеулер мен жобаларды қосқанда, осы алаңдар шеңберіндегі ынтымақтастыққа шақырды.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин Жадамбын Энхбаярмен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар сауда және агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасын, сондай-ақ бірлескен өндіріс құру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, Моңғолия аумағында ветеринариялық вакцина өндіретін кәсіпорынды іске қосу, сондай-ақ Қазақстанда кашемирден жасалған бұйым мен ет өнімін өндіруді ұйымдастыру бастамасы қаралды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады