Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин Катар мемлекеттік министрімен экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады

Серік Жұманғарин Катар мемлекеттік министрімен экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Катардың халықаралық сауда жөніндегі мемлекеттік министрі, доктор Ахмед бин Мұхаммед әл Сайедпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Онда екіжақты өзара іс-қимылдың өзектілігі мен Қазақстан - Катар арасындағы ынтымақтастықты нығайту келешегі талқыланды. Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға және шикізатқа жатпайтын секторларда бірлескен инвестициялық бастамаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Тараптар көлік, логистика, агроөнеркәсіптік кешен, энергетика және телекоммуникация салаларындағы өзара іс-қимыл әлеуетін атап өтіп, экономикалық байланыстарды жандандыруға мүдделілікті қуаттады.

Логистика саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінуде. Кездесуге қатысушылар Трансауған дәлізін құру, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту,
«Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізін кеңейту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар агроөнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылды арттыру мәселесі талқыланды. Қазақстандық тарап Катарға халал әрі органикалық ауыл шаруашылығы өнімі экспортын арттыруға дайын екендігін білдірді. 

2024 жылы Катарға $750 мыңнан астам сомаға қой мен ешкі еті жеткізілген. сондай-ақ екі жақ ветеринарлық және санитарлық талап бойынша жүйелі ақпарат алмасуды жолға қоюға келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыру мен өзара тиімділікке бағытталған әріптестіктің қарқынды дамуын қамтамасыз ету ниетін білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті