Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада зейнеткерлерге тегін құқықтық және медициналық кеңес берілді

Астанада зейнеткерлерге тегін құқықтық және медициналық кеңес берілді
Фото: Астана қ. әкімдігі

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Астананың «Сарыарқа» ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында аға буын өкілдеріне арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында орталыққа келушілер құқықтық және медициналық мәселелер бойынша мамандардан тегін кеңес алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ашық есік күніне жеке сот орындаушысы Гүлжан Байғұжиновна, заң кеңесшісі Рахимжан Ғиззатұлы, нотариус Айнагүл Жәкина, адвокат Айнар Махметова, салауатты өмір салты бойынша дәрігер Евгений Гурский және орталықтың медициналық кеңесшісі Шағуал Сүлейменова қатысты.

Мамандар келушілерді жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ құқықтық мәселелерді шешу, денсаулықты сақтау және салауатты өмір салтын ұстану бойынша қажетті кеңестер мен ұсынымдар берді.

Іс-шараның басты мақсаты – аға буын өкілдерінің білікті мамандар көмегіне қолжетімділігін арттыру, күнделікті өмірде кездесетін құқықтық және медициналық мәселелерді шешуге қолдау көрсету.

Мұндай кездесулер егде жастағы тұрғындардың құқықтық және медициналық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ қажетті ақпарат пен кеңесті тікелей мамандардан алуына мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды