Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент қаласының тұрғындарына тегін құқықтық қызмет көрсетілді

Шымкент қаласының тұрғындарына тегін құқықтық қызмет көрсетілді
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы жалғасын тапты. Қала әкімінің тапсырмасымен ұйымдастырылған бұл шара Достық үйінде өтті. Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, тұрғындарға тегін заң көмегін көрсету, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара барысында қала тұрғындары адвокат, нотариус, прокурор мамандармен қатар, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен, құқық қорғау саласының мамандарынан құқықтық кеңес алды. Заңгерлер халықты мазалаған өзекті мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үй, жер даулары, әлеуметтік төлемдер, алимент өндіру, еңбек құқығы секілді түрлі сұрақтарға жауап берді.
«Халық заңгері» – елімізде бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды құқықтық жоба. Бұл акцияның бірегейлігі – кез келген азамат еш кедергісіз, алдын ала жазылмай-ақ кәсіби мамандардан тегін кеңес ала алады.Шымкенттіктер аталған шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалап, мұндай акциялардың жиі өтуі керектігін жеткізді. Қала тұрғындарының айтуынша, мұндай бастамалар халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға оң ықпал етеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады