Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Қала күніне орай Ашық есік күні өтеді

Алматыда Қала күніне орай Ашық есік күні өтеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Қала күні қарсаңында медициналық ұйымдарда Ашық есік күні өтеді. Қала тұрғындары дәрігерлерден кеңес алып, профилактикалық тексеруден өте алады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала емханаларында кардиолог, невролог, офтальмолог және басқа да мамандар қабылдайды. Келушілер артериялық және көзішілік қысымын, қандағы қант пен холестерин деңгейін тексертіп, профилактикалық медициналық тексеруден өте алады.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың мамандары «Жансая» дағдарыс орталығына барып, әйелдерге кеңес беріп, профилактикалық тексеру жүргізеді. Терапевт, невролог, офтальмолог, гинеколог, эндокринолог және басқа да мамандар қабылдайды.

Сонымен қатар Орталық қалалық клиникалық аурухананың мамандары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босап шыққан әйелдерге арналған баспанаға барып, онда да медициналық кеңес беріп, профилактикалық тексеру ұйымдастырады.

№20 қалалық емхана ерекше қажеттілігі бар балаларды үйіне барып тексереді. Сапар барысында мамандар балалардың денсаулығы бағаланып, қажетті ұсынымдар беріледі. Сондай-ақ, балаларға шағын сыйлықтар табысталады.

Алматы ревматология орталығында тұрғындар ревматолог дәрігерлерден кеңес ала алады. Фтизиопульмонология орталығында фтизиатрлар, пульмонологтар және фтизиопедиатрлар қабылдау жүргізеді.

Профилактикалық іс-шаралар қаланың мына алаңдарында да өтеді:

📍 MEGA Alma-Ata, Розыбакиев көшесі, 247А
📍 Atakent Mall, Тимирязев көшесі, 42
📍 Forum Almaty, Сейфуллин даңғылы, 617

Мұнда медицина қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тұрғындарды тексереді.

Ашық есік күні туралы ақпаратты медициналық ұйымдар өзінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында жариялайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді