Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Ақтөбе облысында 1945 жылы салынған Қарауылкелді теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысанды жөндеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Қайта жаңғырту барысында бір қабатты ғимараттың ауданы 112-ден 208 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Жақтау мен шатыр толығымен жаңартылып, қасбеті фиброцемент тақтайшалармен қапталған. Ішкі инженерлік желілер жаңғыртылып, әрлеу жұмыстары жүргізілді, іргелес аумақ абаттандырылды. 

Ішкі бөлмелерде қабырғалар су негізіндегі бояумен сәндік сылақпен безендіріліп, «Армстронг» түріндегі аспалы төбелер орнатылған. Едендерді жабу үшін фарфор плиткалары мен модульдік винил тақталары қолданылған. Вокзал жаңа жиһазбен және қажетті жабдықтармен жабдықталған. Жұмыстарды жүргізу кезінде қазақстандық өндірістің материалдары қолданылды.       

Қарауылкелді вокзалы 2 типке жатады. Станция арқылы Семей, Маңғыстау, Бейнеу, Атырау, Орал, Ақтөбе, Көкшетау, Бурабай, Қостанай, Шымкент, Түркістан, Тараз және Шумен байланыстыратын 12 пойыз қатынайды.     

  

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды