Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция рейд жүргізді

Алматыда полиция рейд жүргізді
Фото: polisia.kz

Алматыда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ювеналды полиция қызметкерлері ойын-сауық орындары мен көшелерді тексеріп, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтады. Рейд барысында 46 балаға қатысты заң талаптарының бұзылуына байланысты деректер тіркелді. Атап айтқанда, ойын-сауық орындарында болуға қатысты талаптардың бұзылуының екі дерегі, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүрген балаларға қатысты 40 дерек және алкогольдік ішімдік ішуге байланысты бір дерек анықталды. Сондай-ақ үш кәмелетке толмаған бала балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, мұндай рейдтердің басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жағдайлардың алдын алу. 

– Балалардың қауіпсіздігіне полиция да, ата-ана да, жалпы қоғам жауапты. Біздің міндетіміз тек құқық бұзушылықтарды анықтаумен шектелмейді. Ең бастысы – балалардың қауіп-қатерге тап болуына жол бермеу. Түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүру және белгіленген талаптарды бұза отырып ойын-сауық орындарына бару жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Ата-аналарды балаларының қайда және кіммен жүргенін біліп, бос уақытын қадағалауға, қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырамыз. Тәрбиелік және профилактикалық жұмыс ең алдымен отбасынан басталады. Ересектердің дер кезінде назар аударуы көптеген келеңсіз жағдайдың алдын алуға көмектеседі, – деді Тимур Ноғайбаев.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды