Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.
15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Ауа температурасының төмендеуі еліміздің басым бөлігінде болжанады:
Солтүстік-батыста: күндіз +10…+22°С;
Солтүстікте: түнде -1…-6°С, күндіз +3…+13°С;
Орталықта: түнде -6…+3°С, күндіз +4…+15°С;
Шығыста: түнде -5…+5°С, күндіз -1…+9°С;
Оңтүстік-шығыста: түнде +5…+10°С, таулы аудандарда -2…+3°С, күндіз +10…+22°С, таулы аудандарда +5…+10°С.