Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұландық сақшы ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің жолын кесті

Ұландық сақшы ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің жолын кесті
Фото: polisia.kz

Ұландық сақшы ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен қаласында үш жергілікті тұрғын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған зат болуы мүмкін түйіншекті лақтыруға әрекеттенген. Күдікті адамдарды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының сақшысы дер кезінде байқады. Оқиға түнгі уақытта болған. 6699 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі қатардағы Еркін Серіков кезекшілік кезінде мекеме қоршауының сыртында жүрген үш ер адамды байқайды. Ол дереу дабыл қағып, қарауыл бастығына баяндады. Көзге түскендерін аңғарған ер адамдар оралған түйіншекті қоршаудың сыртындағы бақылау-із кесу жолағына тастап, оқиға орнынан қашуға әрекеттенген.

Ұландықтар мен мекеме қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында күдіктілер ұсталды. Түйіршікті тексеру барысында жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат анықталды. Тәркіленген зат құзырлы органдарға тапсырылды. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілері еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін тәулік бойы күзетеді. Олардың қырағылығының арқасында тыйым салынған заттарды мекемелерге кіргізу мен қоршау арқылы лақтыру әрекеттерінің жолы кесіліп, сотталғандарды ұстаудың белгіленген режимі сақталады және азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты