Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды

Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы қарсаңында тәулік бойы «Жедел әрекет ету штабы» жұмыс істейді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылу болмаған, су аққан немесе ақау туындаған жағдайда тұрғындар 109 жедел желісіне, 225-14-31 нөмірі бойынша Бірыңғай диспетчерлік орталыққа, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарына жүгіне алады. Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

«Жылыту нысандарын орталық жүйеге қосу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарына және тұрғындар үшін маңызды басқа да нысандарға беріледі. Одан кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен өзге де нысандар жылу жүйесіне қосылады», – деді басқарма өкілдері.

Тұрғындарға жылыту маусымы басталғанға дейін пәтерлердегі радиаторлар мен бекіту арматурасының жарамдылығын тексеру ұсынылады. Жылыту жүйесіне өз бетінше тиісуге, соның ішінде радиаторларды алып тастауға немесе жүйедегі суды ағызуға болмайды. Мұндай әрекеттер апатқа, жылыту жүйесінің жұмысы бұзылуына және тікқұбырлардағы жылудың өшуіне әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ, радиаторлар мен жылыту тікқұбырларына баратын жолды жауып тастауға немесе қалың пердемен жабуға болмайды, өйткені бұл жылу беруді төмендетеді. Жылу беріле бастаған алғашқы күндері қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды. Радиаторлар қатты қызуы мүмкін, сондықтан балалар мен үй жануарларына ерекше назар аудару қажет.

Өтінішті 109 жедел желісі мен Бірыңғай диспетчерлік орталықтан бөлек, Open Almaty және e-Otinish сервистері арқылы, сондай-ақ басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жолдауға болады.

Еске салайық, Алматыда жылыту маусымын 9 қазанда бастау жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді