Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы Медеу ауданының 54 мыңнан астам тұрғыны жаңа инженерлік желімен қамтылады

Алматыдағы Медеу ауданының 54 мыңнан астам тұрғыны жаңа инженерлік желімен қамтылады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ауданда қазір жалпы ұзындығы шамамен 240 шақырым сумен жабдықтайтын және су бұру желісін салу мен реконструкциялау жұмысы қатар қолға алынды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жобалар 54 мыңнан астам тұрғынды қамтымақшы. Брифингте аудан әкімі Еркебұлан Оразалин осы туралы айтып берді.

Ірі жобалар «Горный Гигант», «Малая Станица», «Атырау» мен «Каменское плато» шағын ауданында іске асады.

«Ауданда қазір ұзындығы шамамен 240 шақырым болатын сумен жабдықтау мен су бұру желісін салу мен реконструкциялау жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұнда шамамен 170 шақырым инженерлік желі салынады. Олар 18 мыңға жуық тұрғынды қамтығалы отыр», — деді брифингте Еркебұлан Оразалин.

Сонымен қатар Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Думан», «Бутаковка», «Кимасар», «Шымбұлақ» пен «Ақсартау» шағын ауданында жобаларды қолға алды. Оның ұзындығы шамамен 64 шақырым, қамту аумағы – 36 мыңнан астам тұрғын.

Негізгі міндет – тарихи тұрғыдан қажетті инженерлік инфрақұрылымы болмаған аумақтарды орталықтанған коммуникациямен кезең-кезеңімен қамтамасыз етіп, қолданыстағы желілердің сенімділігін арттыра түсу.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді