Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда бопсалау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды

Ақтауда бопсалау қылмысына қатысы бар күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ЖҚАЖ жауынгерлерімен және ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, ақша бопсалау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша күдікті күш қолданып және қорқытып, Ақтау қаласының тұрғынынан оның беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпау үшін 300 мың теңге талап еткен. 1 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті талап етілген ақшаның бір бөлігін алғаннан кейін ұсталды. Жеке тінту кезінде одан арнайы белгі салынған ақша табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді