Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда арнайы тұрақта көлік сақтау үшін ақы алына бастайды

Алматыда арнайы тұрақта көлік сақтау үшін ақы алына бастайды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталып, коммуналдық арнайы тұраққа жеткізілген көліктерді эвакуациялау және сақтау үшін ақы енгізіледі. Жаңа тәртіп 4 қазаннан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері айтты.

4 қазаннан бастап көлік құралдарын коммуналдық арнайы тұрақтарға эвакуациялау және уақытша сақтау үшін төлемнің бірыңғай тәртібі қолданылады. Төлем мөлшері 2026 жылы 18 қыркүйекте Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында бекітілді.

Эвакуация құны көліктің барлық санаты үшін 3 АЕК, яғни 12 975 теңге болады. Жеңіл автокөлікті арнайы тұрақта сақтау құны алғашқы тәулікке 2,5 АЕК (10 812,5 теңге), кейінгі әр тәулікке 5 АЕК (21 625 теңге) мөлшерінде белгіленді.

Көлік иелеріне құқық бұзушылықтарды жойып, автокөліктерін 3 қазанға дейін арнайы тұрақтан алып кету ұсынылады.

Айта кетейік, бұл өзгеріс барлық эвакуация жағдайына қатысты емес. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген жағдайда ұсталып, арнайы тұраққа жеткізілген көлік құралдарына ғана қолданылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді