Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында жол жүру ақысын төлеу тәртібі өзгерді

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында жол жүру ақысын төлеу тәртібі өзгерді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) жүру ақысын алу тәртібіне өзгерістер енгізді. Тиісті өзгерістер Қазақстан Республикасы Көлік министрі міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енгізілген өзгерістердің басты ерекшелігі – жол жүру ақысын уақытылы төлейтін пайдаланушылар үшін төлем мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады.

Осылайша, төлемді уақытылы жүргізетін пайдаланушылар үшін жол жүру құны көлік құралының санатына қарай 0,07 АЕК-тен (302,75 теңге) 0,22 АЕК-ке (951,5 теңге) дейінгі мөлшерде сақталады.

Сонымен қатар, бұйрықпен негізгі тарифтер қайта қаралды. Олар көлік құралының санатына қарай 0,14 АЕК-тен (605,5 теңге) 0,44 АЕК-ке (1903 теңге) дейін белгіленген. Алайда бұл тарифтер жол жүру ақысы тіркелген күннен кейін жеті жұмыс күні ішінде төленбеген жағдайда ғана қолданылады.

Яғни енгізілген өзгерістер төлем тәртібін сақтауды ынталандыруға бағытталған және жол жүру ақысын уақытылы төлейтін пайдаланушыларға әсер етпейді.

Жол жүру құнын есептеу тәртібі өзгеріссіз қалады. Бұрынғыдай төлем мөлшері көлік құралының санатына және ақылы жол учаскесінде бір сағатқа дейін болуына қарай есептеледі. Жүріп өткен қашықтық жол жүру ақысына әсер етпейді.

Алматы облысының Талғар, Қарасай және Іле аудандарының тұрғындары үшін қолданыстағы жеңілдіктер де сақталады. Бұл санаттағы пайдаланушылар үшін айлық және жылдық абонементтердің құны өзгермейді.

Өзгерістер бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2026 жылғы 16 тамыздан бастап күшіне енеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді