Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Каскадты сарқырама мен тоғандар: Астанада GreenLine қалай өзгерді

Каскадты сарқырама мен тоғандар: Астанада GreenLine қалай өзгерді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада GreenLine желілік саябағын абаттандыру жұмысы аяқталды. Ұзындығы 2,3 шақырым болатын жаңа ауқымды қоғамдық кеңістік тұрғын үй кварталдарын жаяу жүргіншілер бағыттары арқылы байланыстыратын үздіксіз жасыл дәлізді құрайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жобада негізгі назар көгалдандыруға және жайлы табиғи орта қалыптастыруға аударылды. Онда ағаштар, бұталар және көпжылдық өсімдіктер отырғызылды. Әртүрлі деңгейде орналастырылған жасыл желек жол бойында тұтас жасыл ландшафт қалыптастырады.

Желекжолдың басты нысандарының бірі – жаңа каскадты сарқырама. Мұнда су, жер бедері және әр деңгейге отырғызылған жасыл желек өзара үйлесім тапқан. Жоғарыдан аққан су жасыл террасалар арқылы төмен қарай сатылы түрде ағады. Сарқыраманың айналасына ағаштар, бұталар мен көпжылдық өсімдіктер отырғызылған. Олар өскен сайын бұл жер қалың жасыл желекке оранады. Каскад GreenLine-ның дәл ортасында орналасқан және желекжолдағы негізгі көрікті орындардың біріне айналады.

Сонымен қатар GreenLine бойында тоғандар, балалар ойын алаңдары, серуендеуге арналған жолдар және демалуға арналған түрлі орындар жасалды. Су, жер бедері мен жасыл желек бір-бірімен үйлесіп, тұтас бір көрініс қалыптастырады.

GreenLine тұрғын үй кварталдарын біртұтас жаяу жүргіншілер бағыты арқылы байланыстырып, қаланың осы бөлігінің келбетін өзгертеді. Бұрынғы аумақ қазір жасыл желегі көп, жайлы әрі адамдарға қолайлы орынға айналды. Жыл сайын ағаштар бой көтеріп, бұталар мен көпжылдық өсімдіктер жайқалған сайын желекжол да құлпыра түседі.

Айта кетейік, GreenLine жобасы елордада жасыл әрі жайлы қоғамдық кеңістіктерді көбейту жұмыстарының бір бөлігі.
Биыл қалада 170-тен астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлщарлар, желекжолдар) абаттандырылды. Соңғы жылдары мұндай нысандардың саны шамамен 500-ге жетті.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді