Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ЖҚАЖ қызметкері қызды құтқарып қалды

Астанада ЖҚАЖ қызметкері қызды құтқарып қалды
Фото: polisia.kz

Астанада полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкері биіктіктен құлаудың алдында тұрған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкері Еламан Тішпаев түскі уақытта үйіне келген. Жаттығуға шығуға дайындалып жатқан кезде, үйдің маңына адамдардың жиналғанын байқайды. Куәгерлер ғимараттың жоғарғы қабаттарының бірінде балконда қыздың отырғанын айтқан. Полицей бірден подъезге кіріп, 12-қабатқа көтерілді. Балконның шетінде отырған қызды көріп, жағдайды бағалаған ол абайлап арт жағынан жақындады. Қолайлы сәтті пайдаланып, қызды ұстап алып, балконның шетінен қауіпсіз жерге шығарды. Одан кейін ЖҚАЖ қызметкері жедел қызметтер келгенге дейін қыздың жанында болып, оны медицина қызметкерлеріне тапсырды.

Полиция қызметкерінің дер кезінде әрі батыл әрекет етуінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің азаматтарға көмек көрсетуге кез келген уақытта дайын екенін тағы бір мәрте көрсетті. Тәртіп сақшылары қызметтік міндеттерін атқару кезінде де, күнделікті өмірде де адамдардың қауіпсіздігіне бейжай қарамайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды