Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада учаскелік полиция инспекторы тұрғынның өмірін құтқарып қалды

Елордада учаскелік полиция инспекторы тұрғынның өмірін құтқарып қалды
Фото: polisia.kz

Елордада учаскелік полиция инспекторы тұрғынның өмірін құтқарып қалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғыны көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатындағы ортақ балконның қоршауына шығып алған әйелді байқап, бұл туралы полицияға хабарлаған. Ақпарат осы әкімшілік аумаққа жауапты учаскелік полиция инспекторына жеткізілген. Учаскелік полиция инспекторы Рахметолла Нұрымов оқиға орнына санаулы минут ішінде жетті. Ол бірден әрекетке кірісті.

Алдымен сырттан әйелмен сөйлесіп, онымен байланыс орнатуға, сабырға шақыруға және жоғары қабатқа көтерілгенше уақыт ұтуға тырысты. Кейін инспектор сегізінші қабатқа көтеріліп, қолайлы сәтті пайдаланып, әйелді балконның сыртқы жағынан қауіпсіз аймаққа тартып шығарды. Қазіргі уақытта әйелдің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Дәл осы учаскелік полиция инспекторының жедел әрі батыл әрекеті қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді. Мұндай сәтте әр минут маңызды, ал қызметкердің кәсібилігі орны толмас жағдайға жол бермеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді