Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полицейлер қала тұрғынын құтқарды

Астанада полицейлер қала тұрғынын құтқарды
Фото: Polisia.kz

Астанада полицейлер қала тұрғынын құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Таңғы уақытта "102" нөміріне елорданың бір тұрғын үй кешенінде қыздың биіктіктен секірмек болғаны туралы қоңырау түсті. Қауіптің жоғары деңгейін ескерген патрульдік полиция полкі қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, жағдайды толық бақылауға алып, азаматшаның өмірін сақтап қалу үшін жедел шаралар қолданды. Алғашқы болып оқиға орнына полиция инспекторлары Жалғасбек Әбдуалиев пен Абзал Молдашев келді. Пәтердің есігін ашқан сәтте олар терезенің бесінші қабаттағы карнизіне шығып, сыртқа қатты еңкейіп тұрған 27 жастағы қызды көрді. Тағы бір сәт кешіксе, ол төмен құлап кетуі мүмкін еді.

Жағдайдың маңызын дұрыс бағалаған Жалғасбек Әбдуалиев қызбен дереу психологиялық байланыс орнатты. Ол сабырлы дауыспен сөйлесіп, оның назарын теріс ойлардан басқа жаққа аударуға және эмоционалдық күйзелісті төмендетуге тырысты. Сәті түскен кезде тәртіп сақшысы қызды қауіпсіз жерге қарай тез әрі абайлап тартып алып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Қазіргі уақытта қызға психологтар көмегі көрсетіліп жатыр, болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады