Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымын 1 қазанға дейін бастау жоспарлануда

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымын 1 қазанға дейін бастау жоспарлануда
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов энергия көздеріндегі ағымдағы нәтижелер мен отын қорлары туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр 14 қыркүйектен бастап Павлодар облысында жылыту маусымы басталғанын атап өтті. Бұл жұмыстарды Солтүстік және шығыс өңірлерде ауа райының көрсеткіштеріне қарай 1 қазанға дейін бастау күтілуде. Оның сөзінше жалпы, жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Энергия көздерінде жылыту маусымын бастау үшін қажетті отын қоры және «негізгі» жабдықтардың құрамы қалыптастырылды. 17 мың шақырым электр беру желілерін жөндеу толық көлемде орындалды, тоғыз қосалқы стансадағы жұмыстар аяқталу сатысында.

Сондай-ақ жоспардағы 377 шақырым жылу желілерінің жалпы дайындығы 97% немесе 366 шақырымды құрайды. Өз кезегінде, дайындық бойынша бірқатар өңірлер Энергетика министрлігі мен Үкіметтің ерекше бақылауында. 

«Мәселен, өткен аптада Сәтбаев қаласында жылу магистралін жаңғырту толық аяқталды, қазіргі уақытта желіні тазалау және қысыммен сынау жұмыстары жүргізілуде. Петропавл қаласының жылу магистральдары бойынша дайындық 95%-ды құрайды, барлық жұмыстарды осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Семей қаласындағы үш жоба бойынша есепті апта ішінде жұмыстар 15%-ға орындалып, жоспардың орындалуы 70%-ды құрайды. Сонымен бірге сутартқыш құрылғылары мен жылу алмастырғыштарды жеткізу тек 26 қыркүйекте күтілуде. Бұл ретте, өңір әкімдігіне жабдықтарды жеткізуді жеделдету қажет. Степногорск қаласында өткен апта ішінде жылу магистралін реконструкциялау жұмыстары 24% орындалып, желінің жалпы дайындығы 76%-ды құрады. Аяқтау мерзімі осы жылғы 25 қыркүйекте күтілуде», — деді министр.

Осыған байланысты, өңірлерге жөндеу жұмыстарын барынша қысқа мерзімде аяқтау қажет. Министрлік тарапынан жөндеу жұмыстарының барысын шығу арқылы күнделікті бақылау жалғасатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды