Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кемшіліктерді екі апта мерзімде шешу қажет: Үкіметте жылыту маусымына дайындық шаралары қаралды

Кемшіліктерді екі апта мерзімде шешу қажет: Үкіметте жылыту маусымына дайындық шаралары қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов бекітілген кестеге сәйкес электр стансаларында 10 энергоблок, 49 қазандық және 54 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланғанын баяндады. Бүгінгі таңда 5 энергоблок, 23 қазандық және 20 турбинада жұмыстар жүргізілсе, бұл ретте 4 энергоблок, 17 қазандық және 13 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар жалпы ұзындығы шамамен 25,3 мың шақырымды құрайтын электр желілерін, 567 қосалқы стансаны, сондай-ақ 3,5 мың тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы стансаларды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 22,7 мың шақырым электр желілері, 514 қосалқы станса, 3 466 тарату пункті мен трансформаторлар бойынша жұмыстар аяқталды.

Риддер ЖЭО-да мердігерлік ұйымдар 6 қазандықтың барлығында жөндеу жұмыстары жүргізуде. Үкімет резервінен осы мақсаттарға 7,2 млрд теңге бөлінді. №2 және №3 қазандықтар қыркүйек айының соңында пайдалануға беріледі.

Екібастұз ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету шеңберінде алдағы жылыту маусымында 10 қазандықты жөндеу көзделген. Сондай-ақ «ОАЭК» акционерлік қоғамының есебінен қосалқы жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар жөнделеді.

Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2-ЖЭО-ның дайындығы бақылауда. Мұндағы №4 қазандықты жөндеуді аяқтау мерзімі қазан айының соңына дейін ұзартылады. Осындай бақылау басқа жылу көздеріндегі жұмыстар үшін де жүргізіледі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және тұрғын үй қоры нысандарының жылу беру маусымына дайындығы туралы баяндама жасады.

Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов Екібастұз ЖЭО және жылу желілерінің дайындығы туралы, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев МАЭК-тегі жөндеу жұмыстары туралы, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ғаббасов қазандығын жөндеу жұмыстары туралы баяндады. 

Премьер-Министр жылыту маусымының басталуына өте аз уақыт қалғанын атап өтті. Оның айтуынша, солтүстік және шығыс өңірлерде жылыту маусымы ауа-райына байланысты мерзімінен ерте басталуы мүмкін. Бүгінгі таңда жылыту маусымын бастау үшін бастапқы дайындық бар, бірақ бұл ретте олардың кейбірі уақытында аяқталмай қалуы мүмкін.

«Теміртау қаласының №2 жылу электр орталығында №4 қазандықты жөндеу қазан айының соңына дейін ұзартылды. Жезқазған жылу орталығындағы №4 қазандықты жоспарлы жөндеу әлі аяқталған жоқ, ал №9 қазандықта жұмыстардың небары 4%-ы ғана орындалған», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының энергия кәсіпорындарында жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жүргізіліп отыр. Сонымен қатар жылыту маусымының басында қазандықтарға түсетін жүктеменің төмен болатыны ескерілсе, бұл үйлердегі температура көрсеткіштеріне әсер етпеуі керек.

«Аталған өңір әкімдері Энергетика министрлігімен бірге жөндеу жұмыстарына күнделікті мониторинг жүргізіп, алдағы маусымда қажетті жылу беруді қамтамасыз етуі тиіс», — деді Премьер-Министр.

Ол МАЭК-те №3 энергоблокта жоспарланған күрделі жөндеу 2024 жылға ауыстырылып, бүгінде №2 энергоблокты апаттық жөндеу жүргізіліп жатқанын айтты.

«Өткен аптада мен Маңғыстау облысында болып, МАЭК-тегі жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Өңір әкімдігі жөндеу жұмыстарының аяқталуы мен кәсіпорынның тұрақты жұмысын ерекше бақылауда ұстауы қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы атап өткендей, өңірлердегі жылу желілерін реконструкциялау барысын да тұрақты бақылауда ұстау қажет. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жылу желілері бойынша жұмыстардың шамамен 70%-ы орындалды.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Абай, Атырау облыстарында және Елордада бірқатар әлеуметтік нысандарды дайындау жұмыстары аяқталмағанына назар аударды. Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін өңірлерде көмір қорының жоспарланған көлемінің 28%-ы ғана жинақталған. 

«Жоғарыда аталған барлық кемшіліктерді екі апта мерзімде шешу қажет», — деп түйіндеді ол ол.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді