Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада түнгі тыныштықты бұзған мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды

Астанада түнгі тыныштықты бұзған мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Астанада полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әсіресе түнгі уақытта тыныштықты бұзу фактілерінің алдын алуға ерекше назар аударылады. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары мен белгіленген нормаларды сақтамағаны үшін жауапкершілікті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, тұрғындар айналасындағылардың тыныштығын бұзуды жалғастыруда.

Жыл басынан бері Астанада тыныштықты бұзудың 46 мыңнан астам фактісі тіркелді. Оның 168-і мотоцикл жүргізушілері тудырған жоғары деңгейдегі шуға байланысты. Сонымен қатар, өткен тәулік ішінде полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 524 фактісін және тыныштықты бұзудың 46 дерегін анықтады. Мәселен, “102” арнасына елорда тұрғынынан оның үйінің маңында тыныштықтың бұзылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Өтініш берушінің айтуынша, мотоцикл жүргізушісі қозғалтқыш айналымын күрт арттырып, қатты шу шығарған. Полиция қызметкерлері 21 жастағы азаматты анықтады. Тыныштықты бұзу фактісі бойынша заң аясында шара қолданылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты