Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

310 мыңнан астам электрондық еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жұмыс берушілерге HR Enbek арқылы жолданды

310 мыңнан астам электрондық еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жұмыс берушілерге HR Enbek арқылы жолданды
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек қатынастары саласындағы цифрлық шешімдерді дамытуды жалғастыруда. Осындай құралдардың бірі – 2024 жылдан бастап HR Enbek ақпараттық жүйесінде жұмыс істейтін «Аурухана парақтары» сервисі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сервис жұмысшыларға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы мәліметтерді электронды форматта алуға және тиісті құжатты жұмыс берушіге онлайн режимде жолдауға мүмкіндік береді.

Аурухана парақтары туралы мәліметтер HR Enbek жүйесіне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінен түседі. Осының арқасында жұмысшы электрондық құжатқа жүйе арқылы қол жеткізіп, оны жұмыс берушіге қағаз нұсқасында тапсырмай-ақ жолдай алады.

Сервисте аурухана парағын PDF форматында қарау және жүктеп алу мүмкіндігі қарастырылған. Электрондық құжатта оның түпнұсқалығын растауға мүмкіндік беретін QR-код бар. Сондай-ақ аурухана парағын HR Enbek арқылы тікелей жұмыс берушіге, жұмыс орнына немесе бухгалтерияға жеке бармай-ақ жолдауға болады.

Бүгінгі күнге дейін сервис арқылы жұмысшылар жұмыс берушілерге 310 187 электрондық еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жолдаған.

«Аурухана парақтары» сервисін дамыту жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды неғұрлым ыңғайлы әрі жедел етуге мүмкіндік береді. Қажетті мәліметтер денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерінен электрондық форматта түседі, ал электрондық құжатта оның түпнұсқалығын тексеруге арналған QR-код бар. Бұл ретте жұмысшы аурухана парағын тапсыру үшін жұмыс берушіге немесе бухгалтерияға жеке барып жүрмейді. Мұндай формат уақытты үнемдеуге және қағаз құжат айналымын қысқартуға ықпал етеді», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

«Аурухана парақтары» сервисі HR Enbek цифрлық экожүйесінің бір бөлігі болып табылады. Ол кадрлық процестерді одан әрі жеңілдетуге, құжаттарды алу және жолдау үдерістерін ыңғайлы етуге, сондай-ақ жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы электрондық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар үшін мемлекеттік және еңбек қызметтерінің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыруға бағытталған еңбек және жұмыспен қамту саласындағы цифрлық сервистерді жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
6 комментариев
References: Sofort Casino sicher casino mit sofort bezahlen
  • Bennett
  • 03-10-2026, 07:43
  • : 07:43
References: Sofort Casinos Deutschland online casino per sofort
  • Alysa
  • 08-10-2026, 05:31
  • : 05:31
References: Casino einzahlung mit sofortüberweisung a-taxi.com.ua
References: Sofortüberweisung Einzahlung Casino https://vseapsny.ru/user/cubfork0/
  • Marian
  • 08-10-2026, 11:58
  • : 11:58
References: Mobile casino sofortüberweisung https://undrtone.com/aprilplant0
  • Major
  • 08-10-2026, 12:30
  • : 12:30
References: Neue casinos mit sofortüberweisung Sofortüberweisung Casino Deutschland
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты