2023 жылғы 1 қарашадағы деректер бойынша республика бойынша Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі тіркелген еңбек шарттарының саны 4 млн 370 мыңды немесе 90%-ды құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді, қарапайым еңбек шарттарынан ғана емес, оларды жасау үшін қажетті басқа да қағаз құжаттардан бас тартуға мүмкіндік береді.
Жұмыскерлер үшін электрондық еңбек шарттары жүйесін пайдалану жұмысқа орналасу процесінің барлық кезеңдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді, соның ішінде құжаттарды жинау қажеттілігі алып тасталады.
Жұмыс беруші үшін кадрлық іс жүргізу, оның ішінде жұмыскерлерді жалдау және ауыстыру оңтайландырылады. Кандидаттың электрондық жеке ісіне қол жеткізудің арқасында ол жеке куәлік, білімі туралы диплом, еңбек қызметі, жұмыс өтілі және қызметкердің біліктілігі бойынша сенімді деректерді ала алады. Тиісінше, қызметкерлерді іріктеу неғұрлым сапалы деңгейде жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлердің құқықтарын сақтау мәселелерінде жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы ұжымдық-шарттық қатынастарға баса назар аударылады. Ұжымдық шарттардың негізгі мақсаты – қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарына кепілдік беру.
Бүгінгі күнде Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарының 94,2%-ында ұжымдық шарттар жасалды. Өңірлерде еңбек инспекциясы барлық кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасасу бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.
Еңбек шарттарын тіркеу hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталы арқылы жүзеге асырылатынын естеріңізге сала кетейік, ол Электрондық еңбек биржасының цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің бөлігі болып табылатын. Бұл экожүйе азаматтарды кәсіби жолында мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын рәсімдеуге дейін сүйемелдейді. Азаматтар порталда немесе Enbek.kz қосымшасында жұмыс таба алады немесе жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтер алып, Skills.Enbek.kz онлайн-оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйренеді және Business.Enbek.kz порталында бизнес ашуға мемлекеттік грант ала алады, ол үшін тек бір есептік жазбасы болса жеткілікті.
Сондай-ақ, портал функционалын Enbek HR мобильді қосымшасы арқылы пайдалануға болады.