Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандықтар тағы бір құжатты онлайн ала алады

Қазақстандықтар тағы бір құжатты онлайн ала алады
Фото: pixabay.com

Қазақстанда жеке медициналық (санитарлық) кітапшаның электрон форматы енгізілді. Енді қазақстандықтар медициналық тексеру нәтижелерін және санитарлық кітапшасына қатысты мәліметтерді E-Densaulyk сервисі арқылы eGov mobile мобильді қосымшасынан ала алады. Бұл медициналық тексеруден өту уақытын едәуір қысқартып, терапевтке қайталап бару қажеттілігін жояды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Санитарлық кітапша дайын болған кезде азаматтарға 1414 нөмірінен SMS-хабарлама келеді.

Жұмыс берушілер қызметкерлерінің медициналық кітапшаларының өзектілігін hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталы арқылы ақысыз тексере алады. Бұл санитарлық нормалардың сақталуын бақылауды жеңілдетіп, мүмкін болатын қателердің алдын алуға көмектеседі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, электронды жүйе 15 санаттағы қызметкерлерді қамтиды. Олардың қатарында қоғамдық тамақтану, дәріхана, санаторий қызметкерлері, сондай-ақ қызмет көрсету саласының мамандары мен медицина қызметкерлері бар. Бұл санаттағы мамандар жылына бір рет немесе алты ай сайын медициналық тексеруден өтуі тиіс.

"Жеке медициналық кітапшаларды электронды форматқа көшіру арқылы оларды алу және тексеру процесі азаматтар мен жұмыс берушілер үшін оңай әрі жылдам болды", - деді ведомство өкілдері.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі медициналық анықтамалардың, оның ішінде медициналық кітапшалар мен еңбекке жарамсыздық парақтарының 8 түрін қағаз түрінен электронды форматқа ауыстыру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты