Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда №8 қалалық клиникалық аурухананы ауқымды қайта жаңғырту жоспарланып отыр

Алматыда №8 қалалық клиникалық аурухананы ауқымды қайта жаңғырту жоспарланып отыр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда медициналық инфрақұрылымды жаңарту және медициналық көмектің сапасын жүйелі түрде арттыру бағдарламасы аясында №8 қалалық клиникалық аурухананы ауқымды қайта жаңғырту жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы әкімдігінде айтылғанда, жаңартылған нысан Түрксіб ауданы тұрғындары үшін шұғыл және жоспарлы медициналық көмектің тірек орталығына айналады.

Жобаның бірінші кезеңінде 1972 жылы салынған, қазіргі уақытта пайдаланылмай тұрған ғимараттарды ересек тұрғындарға арналған, 150 орындық көпсалалы стационарға қайта жаңғырту көзделген. Сонымен қатар осы кезеңде қабылдау бөлімінің жаңа ғимаратына қосымша құрылыс салу жоспарланып отыр. Пациенттер диагностика мен емдеуден «бір терезе» қағидаты бойынша (Check-up) өте алады.

Жобаның екінші кезеңінде қолданыстағы корпусты 150 орындық балалар ауруханасына қайта жаңғырту қарастырылған. Аталған ғимараттың жеке қабылдау бөлімі болады. Жаңа корпустар пайдалануға берілгеннен кейін қала тұрғындары кең ауқымды медициналық көмекті өз ауданында ала алады. Оның ішінде жоғары технологиялық бағыттар (хирургия, урология, гинекология, неврология және басқа да салалар), ересектер мен балаларға тәулік бойы көрсетілетін шұғыл медициналық көмек, сәулелік және функционалдық диагностика мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ физиотерапия блогы негізінде оңалту және қалпына келтіру емі қарастырылған.

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Биыл маусым айында жобаның мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынады, содан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

Айта кету керек, бұған дейін мекеме «Алматы теміржол ауруханасы» атауымен жұмыс істеп, «Қазақстандық медико-косметологиялық институты «Парасат» ЖШС-нің сенімді басқаруында болған. 2021 жылы аурухана Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының коммуналдық меншігіне берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті