Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биылғы оқу жылындағы өзгеріс: мұғалімдерге жыныстық қатынас туралы айтқызатын болды

 

БҰҰ Халықты орналастыру қоры (ЮНФПА) Білім министрлігімен бірлесіп, мектеп бағдарламасына адамтану бағытында жыныстық тәрбие курсын енгізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


- Биыл біз бұл бағытта екі оқу орнымен әріптестікті бастадық. Атап айтқанда, бұл –орта мектептерге енгізілетін барлық курсты дайындап, ықшамдайтын Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы. Сонымен қатар Назарбаев зияткерлік мектебі. Бұл арада қандай да бір жеке пән болмайды. Оған бөлек сағаттар бөлінбейді. Жаратылыстану, биология сияқты жалпы пәндерге тақырып ретінде арасында енгізіледі, - деді БҰҰ-ның Халықты орналастыру қорының (ЮНФПА) атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев.

2019 жылдың жаз айында мұғалімдер пилоттық мектептерде дайындық курсынан өткен. Мұндай өзгеріс 2019-2020 оқу жылында сынаққа алынбақ екен. Одан кейін барып, ол барлық мектептерде енгізілетін болады.


Пилоттық жоба биыл 9-сыныптан бастап қолға алынбақ. Одан кейін ол 8-6-сыныптар оқитын пәндерге енгізіледі. Барлық ақпарат балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұсынылады.

Айта кетсек, жыныстық тәрбие курстары Қазақстан мектептерінде соңғы бес жылда аракідік көрініс тауып жүр. Көбіне қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы сынды мекемелерден мамандардан келіп, мектепке буклет таратып, өз дәрістерін оқып кетіп жүрген. 


Соның ішінде мүшеқаптың жарнамасы жақсы жүргізіледі. Мәселен, Алматыдағы бір мектептің ата-аналары бірер жыл бұрын бұған үдере түрегеліп, өз наразылығын білдіріп, Білім министрлігін аяғынан тік тұрғызған. Оларға балаларының қолына ұстатқан тест сұрақтары да төбе шашын тік тұрғызған. Әсіресе, қазақ мектептеріндегі көп ата-ана жыныстық тәрбиеден гөрі, өз менталитетімізге сай "Әдеп" деген сабақты енгізген жөн ғой деп есептейді.


Сурет : Ашық дереккөздерден алынды
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді