Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия реадмиссия туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Түркия реадмиссия туралы келісімге қол қойды
Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Астанада өткен ТМҰ-ға мүше елдердің ішкі істер министрлері кездесуі аясында Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Түркия Республикасының ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи екіжақты келіссөз өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесудің басты нәтижесі Қазақстан мен Түркия арасындағы реадмиссия туралы келісімге қол қою болды. Құжат екі елдің көші-қон саласындағы өзара іс-қимылдың құқықтық негізін нығайтып, мемлекеттер аумағында болуға заңды негіздері жоқ адамдарды қайтару тәртібін айқындайды.

Келіссөз барысында Ержан Саденов пен Мұстафа Чифтчи екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Трансұлттық және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, іздестіру, көші-қон қауіпсіздігі, кадр даярлау және бейінді бөлімшелер арасындағы тікелей өзара іс-қимыл негізгі бағыттар ретінде белгіленді.

– Қазақстан мен Түркияны бауырластық қарым-қатынас пен өзара сенімнің жоғары деңгейі байланыстырады. Бүгінде бұл біздің ведомстволар арасындағы нақты өзара іс-қимылдан да көрініс табуда. Қол қойылған келісім – ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір нақты қадам, – деп атап өтті Ержан Саденов.

Тараптар алдағы уақытта да бөлімшелер арасындағы тікелей байланысты дамытып, тәжірибе алмасуға және қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша бірлескен жұмысты күшейтуге уағдаласты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді