Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2035 жылға қарай Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 73 мыңға жуық жұмысшы маман қажет болады

2035 жылға қарай Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 73 мыңға жуық жұмысшы маман қажет болады
Фото: primeminister.kz

Қазіргі уақытта Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде шамамен 1,1 млн адам жұмыс істейді. Оның 595 мыңы немесе 55%-ы – жұмысшы мамандар. Саланың 2035 жылға дейінгі даму перспективаларын ескере отырып, агроөнеркәсіп кешеніне шамамен 73 мың білікті жұмысшы кадр қажет болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елімізде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шамамен 300 мың ауыл шаруашылығы өндірушісі жұмыс істейді. Жыл сайын аграрлық колледждерге шамамен 4,8 мың студент қабылданады. Оның 3,8 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында білім алады.

Агроөнеркәсіп кешені үшін кадрлар 17 мамандық пен 61 біліктілік бойынша даярланады. Білім беру бағдарламалары өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, механикаландыру және басқа да бағыттарды қамтиды.

Дуальды оқытуды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Колледждердің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен ынтымақтастығы кеңейіп, жұмыс берушілер өндірістік практиканы ұйымдастыруға және болашақ мамандар даярлауға белсенді қатысуда.
Еліміздің барлық өңірінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өндірістік практиканы ұйымдастыру және түлектерді кейіннен жұмысқа орналастыру туралы келісімдер жасалуда. Мұндай тәсіл студенттердің практикалық дағдыларды тікелей өндірісте меңгеруіне мүмкіндік береді және олардың еңбек нарығындағы сұранысын арттырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді