Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде шамамен 1 млн адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 285,5 мың өндіруші жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол АӨК салалары бойынша кадрларға жалпы қажеттілік шамамен 6,5 мың адамды, оның ішінде 3,5 мыңнан астам білікті қызметкерді құрайтынын атап өтті. Аграрлық саясаттың басымдығы – заманауи технологияларды бір мезгілде енгізе отырып, ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы құрылымдарында өнім өндіру ауқымын кеңейту.
«Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде шамамен 1 млн адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 285,5 мың өндіруші жұмыс істейді. АӨК салалары бойынша кадрларға жалпы қажеттілік шамамен 6,5 мың адамды, оның ішінде 3,5 мыңнан астам білікті қызметкерді құрайды. Аграрлық саясаттың басымдығы заманауи технологияларды бір мезгілде енгізе отырып, ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы құрылымдарында өнім өндіру ауқымын кеңейту. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғандарға шамамен 5 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылғы ұқсас көрсеткіштен 16%-ға жоғары. Осы жылдың бірінші тоқсанында бұл өсім сақталуда және еңбек өнімділігінің 10,6%-ға артуы байқалады. Бұл динамика саланың тиімділігінің артқанын көрсетеді, бірақ бұл сөзсіз еңбек ресурстарына, әсіресе тұрақты жұмыспен қамту бөлігінде қажеттіліктің төмендеуіне әкеледі. Бұдан басқа, аграрлық саладағы еңбек ресурстарына қажеттілік ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығына байланысты», — ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.
Сондай-ақ ол ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуды ұлғайту жөніндегі саясатты жүзеге асыру мақсатында министрлік жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың ұйымдасқан шаруашылықтарға көшуі үшін жағдайлар жасайтынын жеткізді. Бірінші, «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру жылдарында 115 млрд теңге сомасына 17 мыңнан астам шағын несие берілген, ауылда 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылған. Екінші, 2025 жылы АӨК инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес 6,3 мың тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құра отырып, 616 млрд теңге сомаға 285 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Алдағы үш жылда 3,4 трлн теңге сомаға 23 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құрумен 683 жобаны жүзеге асыру көзделген.
Үшінші. Жыл сайын аграрлық мамандықтар бойынша еңбек ресурстары балансының болжамы негізінде 4 мыңға жуық грант бөлінеді. Ауылдан келген талапкерлерді ынталандыру үшін ауылдық квота қолданылады, ол барлық мемлекеттік білім беру тапсырысының 30-дан 35%-на дейін ұлғайтылған. Ауылдық жерлерде мамандарды бекіту мақсатында ауылдық квота бойынша оқыған түлектер үшін оқу бітіргеннен кейін ауылда кемінде үш жыл жұмыс істейді.
Төртінші, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылуда, ол диплом алған мамандарды, оның ішінде ауылда жұмыс істеуге келген аграрлық мамандықтар бойынша бекіту үшін әлеуметтік қолдау шараларын көздейді. Бесінші, министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында АШТӨ-ні халықты жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін өндіріске тарту бойынша жұмыс жүргізуде.
«Талдау нәтижелері көрсеткендей, 10-нан 50 мың гектарға дейінгі аумақ дала жұмыстары кезінде де, маусымаралық кезеңде де жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Қызметкерлердің бір бөлігі күзгі-қысқы кезеңде, екінші бөлігі мал шаруашылығында жұмыс істей алады. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша 115 жер пайдаланушыға 15 мыңға жуық жұмыс орнын құра отырып, осы шара қолданылуы мүмкін. Соңғы жылдары қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы уақыт талаптарын ескере отырып, жаңғыртылып, неғұрлым технологиялық және өнімділігі жоғары болды, оның ішінде цифрландыру есебінен. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мәртебесі де өсуде, оны жалақыны көтеру, зейнеткерлік жасты төмендету, ауыл тұрғындарының әлеуметтік төлемдеріне ұлғайтылған коэффициентті қолдану есебінен одан әрі көтеру қажет. Бұдан басқа, ауылда тұрғын үй құрылысын субсидиялау нормативін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Ұсынылған шаралар еңбек жағдайларын жақсартуға, жаңа кадрларды тартуға, ауылдағы адамдарды бекітуге мүмкіндік береді», — ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин.