Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Елшісі Румыния Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Елшісі Румыния Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Амангелді Саинов Румыния Президенті Никошур Данға сенім грамоталарын тапсырып, өзінің дипломатиялық міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Румыния Президенті Елшіні тағайындалуымен құттықтап, жауапты дипломатиялық миссиясын атқаруда табыс тіледі. Сондай-ақ Қазақстан мен Румыния арасындағы достық және сындарлы қатынастардың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Елші Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауының қорытындылары туралы хабардар етіп, олардың елдің саяси жүйесін одан әрі дамытудағы маңызын атап өтті.

Кездесу барысында екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасу болды. Тараптар саяси диалогтың оң динамикасына тоқталып, практикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін жеткізді.

Тараптар өзара сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, жаңа жобаларды іске асыру, сондай-ақ көлік-логистикалық байланыстарды нығайту мүмкіндіктерін талқылады. Экономикалық әріптестікті дамытуда іскерлік топтар мен өңіраралық байланыстардың маңызды рөліне назар аударылды.

Энергетика саласындағы ынтымақтастыққа және Қазақстанның Румыния мен Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосып отырған үлесіне айрықша мән берілді. Осыған байланысты қазақстандық мұнайды Еуропа нарықтарына жеткізудің және екі ел арасындағы сенімді энергетикалық әрі көлік бағыттарын одан әрі дамытудың маңыздылығы сөз болды. Сондай-ақ тараптар мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесу соңында Румыния Президенті Елшіге дипломатиялық миссиясын табысты атқарып, жемісті жұмыс істеуіне тілектестік білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді