Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі?

Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі?
Фото: pixabay.com

Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдаудың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасқан. Ол мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектік белгіленген жағдайда берілетін сақтандыру төлемдерін қамтиды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 544 мыңнан астам адам алады. Ақшалай қолдаудың негізгі түрі – мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы. Оның мөлшері белгіленген мүгедектік тобы мен мүгедектіктің себебіне қарай айқындалады.

2026 жылы жалпы ауру салдарынан мүгедектік белгіленген жағдайда I топтағы мүгедектігі бар азаматтарға – 111 873 теңге, II топқа – 89 498 теңге, III топқа 61 022 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Егер азамат үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген болса, оған еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем де қосымша тағайындалуы мүмкін. Оның мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс көлеміне, жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қарай жеке есептеледі.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектікке ұшыраған жұмысшылар үшін сақтандыру төлемдері көзделген. Осылайша, азаматтың өмірлік жағдайына қарай мемлекеттік және сақтандыру жүйесі арқылы көрсетілетін қолдау шаралары бірін-бірі толықтыруы мүмкін.

I топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасайтын адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анасына, әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына немесе қорғаншысына да жеке қолдау шаралары қарастырылған. 2026 жылы тиісті ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 81 871 теңгені құрайды.

Мүгедектік бойынша төлемдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, eGov.kz порталында немесе проактивті форматта рәсімдеуге болады. Мүгедектік белгіленгеннен кейін азаматқа жәрдемақыны рәсімдеу туралы ұсыныс көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Төлемді тағайындау үшін жауап ретінде келісімін растау жеткілікті.

Қажетті мәліметтердің басым бөлігін жүйе мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Бұл сұратылатын құжаттар санын азайтып, бірқатар жағдайда азаматтың өзі жүгінбей-ақ төлемді тағайындауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді