Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еңбек министрлігі Астанадағы құрылыс нысандарына бақылауды күшейтеді

Еңбек министрлігі Астанадағы құрылыс нысандарына бақылауды күшейтеді
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астанадағы құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейтеді. Мұндай шешім мемлекеттік органдар мен құрылыс саласының өкілдері қатысқан кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада мұнаралы крандардың құлауына байланысты екі жазатайым оқиға орын алған болатын. Соның салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды. Әрбір оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізіліп жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілгенін атап өтті. Сала өкілдеріне еңбек қауіпсіздігі талаптарына формалды қарауға болмайтыны ескертіліп, анықталған олқылықтарды жоюға уақыт берілген.

«Біз құрылыс компанияларына профилактикалық жұмыстар жүргіздік, ескерту жасадық, анықталған бұзушылықтарды жоюға уақыт бердік. Соған қарамастан қауіпсіздік талаптарын елемегендер жауапкершіліктен жалтара алмайды», – деп мәлімдеді Ербол Тұяқбаев.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен құрылыс нысандарында жоспардан тыс тексерулер жүргізу мәселесін қарау тапсырылды. Талаптардың сақталмауы анықталған жағдайда материалдар тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, заңда көзделген шаралар қабылданады.

Сондай-ақ жазатайым оқиғалар мен кемшіліктер қайталанатын ұйымдардың жұмысы жеке талданбақ. Инспекторлар бұған дейінгі тергеу нәтижесінде анықталған себептер мен бұзушылықтардың қаншалықты толық жойылғанын тексермек.

«Егер жазатайым оқиға орын алып, тергеу жүргізіліп, тиісті нұсқама берілсе, анықталған бұзушылықтар жойылды делінгенімен, кейін тағы да қайғылы жағдай орын алса, бұл құрылыс компанияларының бірінші басшыларына қатысты заңды сұрақ туындайды. Жазатайым оқиғаның қайта орын алуы – қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуде шешілмеген жүйелі мәселелердің бар екенін көрсетеді», – деп атап өтті бірінші вице-министр.

Ербол Тұяқбаев өндірістегі оқиғаларды үнемі «адами фактор» деген бір ғана себеппен түсіндіруге болмайтынын айтты. Егер жұмысшы қателік жіберсе, оның неліктен қателескенін анықтау қажет. Ол тиісті деңгейде оқытылды ма? Құрал-жабдық жарамды болды ма? Бақылау дұрыс ұйымдастырылды ма? Технологиялық талаптар сақталды ма? Осы мәселелердің барлығы жан-жақты қаралуы керек.

«Кейде «адами факторға» байланысты деп отырғанымыздың артында басқару мәселесі тұрады», – деді ол.

Талаптарды жүйелі түрде бұзатын ұйымдарға ерекше назар аударылады. Мұндай компанияларға қатысты қатаң шаралар қолдану ұсынылды. Оның ішінде құрылыс қызметіне берілген лицензияны уақытша тоқтату немесе қайтарып алу мәселесі де заңнамаға сәйкес қаралуы мүмкін.

Бірінші вице-министр құрылыс нысанындағы қауіпсіздікке ең алдымен ұйым басшысы жауапты екенін қадап айтты.

«Құрылыс компаниясының басшысы нысанның қанша пайызы орындалғанын, оны тапсыру мерзімдері мен қаржылық көрсеткіштерді ғана біліп қоймауы керек. Ол бүгін құрылыс алаңында қандай қауіп-қатерлер бар екенін және онда жұмыс істейтін әрбір адамның аман-есен үйіне оралуы үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын қадағалауға тиіс», – деп мәлімдеді Ербол Тұяқбаев.

Еңбек министрлігінде еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету формалды талап немесе қосымша шығын ретінде қарастырылмауы керек екені айтылды. Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда мемлекет тарапынан көзделген бақылау әрі тиісті шаралар толық көлемде қолданылуы қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді