Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент медицинасы: жоғары технологиялы көмек пен жаңғырту жаңа деңгейге көтерілді

Шымкент медицинасы: жоғары технологиялы көмек пен жаңғырту жаңа деңгейге көтерілді
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесі соңғы жылдары тек медициналық нысандарды жаңғыртумен шектелмей, күрделі әрі жоғары технологиялық көмекті қала тұрғындарына барынша қолжетімді ету бағытына бет бұрды. Қазір қаладағы денсаулық сақтау саласында 16 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Соңғы үш жылда медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын күшейтуге басымдық беріліп, заманауи жабдықтармен қамтылу деңгейі 80 пайыздан 88,5 пайызға дейін өскен. Бұл көрсеткіш қаланың медициналық инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын аңғартады. Медицинаның тиімділігі ең алдымен ауруды ерте әрі дәл анықтап, қажетті емді уақытында жүргізу мүмкіндігімен өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, Шымкентте диагностикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге айрықша көңіл бөлінген.

Қалалық диагностикалық орталық, балалар клиникалық ауруханасы және көпсалалы онкологиялық орталық компьютерлік және магниттік-резонанстық томография аппараттарымен жабдықталды. Ал биыл медициналық ұйымдарға алғаш рет 12 заманауи портативті ультрадыбыстық диагностика аппараты берілді.

Портативті құрылғылардың маңызы әсіресе медициналық көмекті жедел көрсету кезінде байқалады. Яғни диагностика тек арнайы кабинетке келумен шектелмей, қажет болған жағдайда науқастың жағдайына қарай жүргізілу мүмкіндігі артып отыр.

Шымкент медицинасының дамуындағы маңызды көрсеткіштердің бірі – жоғары технологиялық медициналық көмектің көлемі. Жыл басынан бері қала тұрғындарына 200-ге жуық жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілген. Оның қатарында ми-қан тамырлары ауруларына жасалатын күрделі нейрохирургиялық операциялар, жүрек-қан тамырлары сырқаттарын емдеу, сондай-ақ бүйрек пен бауыр алмастыру оталары бар.

Ең маңыздысы – бұрын күрделі ем алу үшін басқа қалаға немесе шетелге шығуға мәжбүр болған науқастардың бір бөлігі қажетті медициналық көмекті өз қаласында алу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Қаладағы екі ірі ауруханада күрделі нейрохирургиялық оталар жасалады. Медициналық орталықтардың технологиялық және кадрлық мүмкіндігі артқан сайын Шымкенттің медициналық туризмге емес, керісінше күрделі емді өз ішінде қамтамасыз ететін ірі орталыққа айналу әлеуеті де күшейіп келеді.

Бауыр мен бүйрек алмастыру бағытындағы нәтижелер де осы өзгерістің айқын мысалы. Бұған дейін қалада үш жүрек алмастыру отасының сәтті жасалуы жергілікті мамандардың кәсіби деңгейі мен медициналық базаның мүмкіндігін көрсетті.

Жоғары технологиялық оталардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жасалуы бұл көмектің әлеуметтік маңызын одан әрі арттырады. Себебі технологияның қолжетімді болуы ғана емес, тұрғындардың оған қаржылық кедергісіз қол жеткізуі де денсаулық сақтау жүйесінің маңызды көрсеткіші.

Медицинаны дамытуда заманауи аппарат сатып алумен қатар, сол технологияны тиімді пайдалана алатын мамандардың болуы шешуші рөл атқарады.

- Бұл бағытта Шымкентте кадрлардың біліктілігін арттыруға да инвестиция көлемі ұлғайған. Шетелдік тағылымдамаларды қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артып, нәтижесінде 517 медицина маманы Түркия, Израиль және Ресей Федерациясының жетекші клиникаларында білімін жетілдірген, - делінген Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Шымкенттегі соңғы жылдардағы өзгерістерді бірнеше бағыт бойынша бағалауға болады: медициналық ұйымдардың техникалық жарақтануы жақсарды, диагностикалық мүмкіндіктер кеңейді, мамандардың кәсіби даярлығына инвестиция артты және күрделі операцияларды қала ішінде жасау мүмкіндігі күшейді. Бұл үдерістердің барлығы бір мақсатқа – тұрғындарға сапалы медициналық көмекті өз қаласында көрсетуге бағытталған.

Бүгінде Шымкент үшін басты өзгеріс – күрделі ауруларды емдеу мүмкіндігінің қаланың өзінде қалыптасуы. Ал 200-ге жуық жоғары технологиялық медициналық көмек, жаңартылған диагностикалық база және халықаралық тәжірибеден өткен жүздеген маман бұл бағыттың нақты нәтижелері бар екенін көрсетеді.

Медицина қызметкерлерінің еңбегі мен жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасқан жағдайда, Шымкенттің Оңтүстік өңірдегі заманауи медициналық орталық ретіндегі әлеуеті одан әрі арта түсуі мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді